• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:02:10
Алматы
+12°

Кеңес-Герман соғысында қаза тапқан бес қазақстандық жауынгердің сүйегі жерленген жер табылды. Оны Ресей іздеушілері Калининград облысынан тапқан. Енді олар қаза тапқандардың туыстарын табуға көмек сұрап отыр, деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.

Басылым мәліметінше, "Майдан жолы" іздестіру-зерттеу отрядының командирі Александр Шитов "Совесть" отрядының іздеушілері Багратионовский ауданындағы Корнево (бұрынғы Цинтен) ауылы маңынан бейіттерді тапқанын айтқан.

Қаза тапқандар 1945 жылдың ақпан-наурызында фашистік топты талқандауға қатысқаны, олардың арасында қазақстандықтар да бар екені хабарланды.

Олар:

Иван Степанович Рудинский. 1902 жылы Ақтөбе облысы Дала ауданына қарасты Херсон ауылында дүниеге келген.

mkl

Атқыш Иван Рудинскийдің соңғы қызмет орны – 55-гвардиялық атқыштар дивизиясының 166-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар полкі. 1945 жылы наурызда қаза болған.

Иван Михайлович Соловьев. 1902 жылы Ақтөбеде туған қызыл әскер солдаты. 1943 жылы 26 желтоқсанда Қарағанды ​​қаласы Ленин ауданы Ленин РВК арқылы майданға жұмылдырылған. 1945 жылы 27 ақпанда қайтыс болған.

,ll

Алексей Андреевич Шелухин. 1912 жылы Курск облысы, Синеев ауданы, Луг кеңшарында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Зырян РВК арқылы 1941 жылы шілдеде майданға жұмылдырылған. Мұрағат деректеріне сәйкес, атқыштар ротасының старшинасы 55-гвардиялық Иркутск-Пинск дивизиясының 166-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар полкінің құрамында шайқасқан.

Хамит Тұрлбенұлы (Тұрлбекұлы, Тұрхебетұлы) Егсубаев. 1906 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданы №7 ауылда туған. Танк командирі, лейтенант, 213-жеке танк Орша Қызыл Ту орденді бригадасының құрамында соғысқан. 1945 жылы наурызда қаза тапқан.

l;

Иван Алексеевич Колпаков. 1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Чалқар ауылында дүниеге келген. Жаяу әскер взводына қолбасшылық еткен. Соңғы қызмет орны 55-гвардиялық Иркутск-Пинск дивизиясының 166-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар полкі болған. 1945 жылы наурызда қаза тапқан.

"Бейжай қарамайтындардың бәрінен қаза болған жерлестеріміздің туыстарын іздеуге көмектесуін сұраймыз" деп шақырды Александр Шитов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан жауынгер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір