06 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Оппозициялық саясаткер, журналист Рысбек Сәрсенбайды елордада полицияның арнайы жасағы ұстап әкеткен. Бұл туралы саясаткер Болат Әбілов хабарлады.
Әбіловтің сөзінше, Рысбек Сәрсенбай астанаға Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған азаматтардың тергеуін әділ жүргізуді талап ету үшін үкімет үйінің алдына жиналған әйелдерді қолдау үшін барған. Сондай-ақ ол саясткерді ұстау кезінде оны жұлқылағанын, полиция бөлімінде оған медициналық көмек көрсетілгенін айтып, бассыздықты тоқтатуды талап етеді.
Кеше Алматыда оппозициялық көзқарастағы саясаткер, қоғам белсендісі, тәуелсіз бақылаушылардан тұратын топ мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу бастамасына байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, Демократиялық күштер коалициясын құратынын мәлімдеп, билікке үндеу жолдаған. Коалиция қатарында Рысбек Сәрсенбай мен Болат Әбілов бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір