• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:30:19
Алматы
+12°
Қ.Тоқаев дәстүрлі жолдауында күзде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынғаннан кейін 2019 жылғы президент сайлауында кандидат болған саясаткер Әміржан Қосанов осы жолғы саяси додаға да қатысуға қарсы еместігін білдірді.
 
"Тоқаев Назарбаевтың стилінде кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Уақыт тығыз. Әрине, ыңғайсыз адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тіркемес. Бір бәле табады ғой. Бірақ, мен 2019 жылы бар ресми процедурадан өткенмін. Иә, Әблязов, Қажыгелдин, ютубтағы басқа ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін" деп жазды ол facebook  парақшасында.
 
2019 жылғы сайлауда 70,96 % пайызбен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен. Оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов сайлаушылар даусының 16,23 % пайызын жинап, екінші сатыға жайғасты. Алайда Қосанов ресми деректен әлдеқайда көп дауыс жинады деп санайтындар көп. Сайлаудың ресми қорытындысы шықпай тұрып, экзит-полл нәтижесі жарияланғанда Қосанов алдын ала қорытындымен келіскендей, Тоқаевты жеңісімен құттықтайды. Бұл – оның жақтастары мен оған дауыс бергендер арасында наразылық тудырып, "Қосанов сайлау нәтижесімен келіспей, сайлаушылар даусы үшін күресуі керек еді, қорытынды шықпай жатып берілгені биліктің жобасы болғаны" деген сарында пікірлер айтылды. Содан бері қоғамда Қосанов, "биліктің жобасы" сөздері қатар аталатын болды. Қосановтың өзі сайлаушылар даусы үшін күреспеуін "халықты көшеге бастап шықсам, қан төгілер еді, мен Жаңаөзен қырғынын көрген адаммын, ешкімнің қанын мойныма жүктей алмаймын" деп билік халық наразылығын жаншу үшін бәріне баратынын айтқан.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әміржан Қосанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір