01 Қыркүйек, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Елге шетелден автокөлік әкелудің заңсыз жолдары жабылуға тиіс. Бұл туралы президент Қ.Тоқаев жолдауында мәлім етті.
"1 қыркүйекке дейін әкелінген автомобильдермен ахуалды реттеу қажет. Оларды жария ету үшін утильалым мен бастапқы тіркеу үшін бірыңғай алымды 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде біржолғы тәртіппен қолдануды ұсынамын. Бұл шара іздестірілмеген және кедендік "тазартудан" өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс" деді президент.
Соңғы жылдары Армения, Грузия, Кореядан көлік әкеліп, оларды түрлі жолмен заңдастыру әрекеттері жиілеген. Әлеуметтік желіде аталған елдерден көлік әкелумен айналысушылардың жарнамасы жиі ұшырасады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір