• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:22:10
Алматы
+12°

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс қыркүйекте билеуші Консервативтік партияның жетекшісі және премьер-министр болып сайланған жағдайда, Қытайды Ресеймен бір қатарда Ұлыбританияның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп жариялайтыны хабарланды. Бұл туралы The Times газетінің дерегіне сілтеме жасаған Eurasia Daily ақпарат агенттігі мәлім етті.

Басылым дерегінше, Трасс Ұлыбританияның сыртқы саясатын қайта қарауға, қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясат мәселелеріне жаңа кешенді шолу жасауға уәде берген.

Лондонның қауіпсіздік саласындағы мақсаттарын анықтайтын соңғы құжат 2021 жылғы наурызда жарияланған. Онда Ресей "Ұлыбритания үшін тікелей қауіп" ретінде сипатталған. Ал Қытай саяси жағынан "Британиялық құндылықтар мен мүдделер үшін үлкен салдары бар ең маңызды геосаяси фактор", экономикалық жағынан "кез келген елге қарағанда жаһандық өсуге ықпал ете алады, бұл – жаһандық экономика үшін пайдалы болады" деп сипаттаған.

Британ үкіметін кім басқаратыны 5 қыркүйекте белгілі болады. Сауалнамалар Сыртқы істер министрі Лиз Трасс бәсекелесі бұрынғы Қаржы министрі Риши Сунактан 30 пайызға озып келе жатқанын көрсеткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: геосаяси жағдай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір