Соңғы уақытта жаппай атысқа ұшыраған Украинаның Запорожье атом электр станциясына Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) сарапшылар делегациясы аттанды, деп жазады германиялық Deutsche Wellе медиасы.
АЭС-тегі атысқа Украина мен Ресей бірін-бірі кінәлайды. Басылым атыс Запорожьеде Чернобыльдегідей атом катастрофасы болу қаупін туғызғанын жазды. Запорожье АЭС-інде 6 атом реакторы жұмыс істейді.
Украинаның хабарламаларына сәйкес, 25 тамызда кезекті атыс салдарынан АЭС тарихта алғаш рет желіден толығымен ажыратылып, келесі күні ғана электр қуаты қалпына келтірілген. Украиналық "Энергоатом" оператор компаниясы оқиғаға "агрессордың әрекеті" деп Ресей армиясын кінәлаған.
Запорожье атом электр станциясы Ресей 2014 жылы Украинадан аннексиялаған Қырым түбегінің жанында орналасқан. "Энергоатом" Ресей ЗАЭС-ті Қырым энергетикалық желісіне қосуды жоспарлап отырған болуы мүмкін деп қауіптенеді
Пікір қалдыру
пікір