• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 07:59:45
Алматы
+35°
 

Ұзындығы 66 шақырым болатын Үлкен Алматы айналма автожолының (ҮАААЖ) құрылысы 2024 жылдың аяғында аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралыТүрік-корей консорциумы – "ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар" ЖШС хабарлады, деп жазады Алматы ақшамы газетінің сайты.

"Құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтау жоспарда бар, бірақ бұл мәселе жол жамылғысының құрылысында маңызды рөл атқаратын ауа райы жағдайына байланысты. Бүгінде жұмыс 75 пайызға аяқталған. ҮАААЖ құрылысы жұмыстары аяқталғаннан кейін қозғалыс ашылады", деді "ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар" өкілдері.

ҮАААЖ жобасы аясында Алматы-Бішкек, Алматы-Шамалған, Комсомол-Жапек батыр, Алматы-Қонаев, Алматы-Есік, Алматы-Талғар автомобиль жолдарымен қиылыстарда екі деңгейдегі 6 жолайрық және ҮАААЖ-дың Алматы-Қаскелең автожолымен (Жандосов көшесі) түйіскен жерінде бір айналма жол салынып жатыр.

"Көрсетілген жолайрықтардың ішінде Алматы-Қаскелең айналма жолында, сондай-ақ екі деңгейлі үш жолайрықта: Алматы-Қонаев, Алматы-Есік, Алматы-Талғар жолайрығында асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ екі деңгейлі үш жолайрықта: Алматы-Қонаев, Алматы-Есік, Алматы-Талғар, сонымен қатар Алматы-Бішкек, Алматы-Шамалған, Комсомол-Жәпек батыр жолайрықтарында жол өткелдерін салу жұмыстары толығымен аяқталды, енді жол өтпелерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр" деді бас мердігер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір