12 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Әлеуметтік желіде "1 қыркүйекте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, локдаун жарияланатыны" туралы ақпарат тарады. Ақпаратты ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
"Бүгінгі таңда, бәріміз көріп отырғанымыздай, коронавирус ауруының төмендеуі байқалады. Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта, қалған аймақтар "жасыл" аймақта. Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ" деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сондай-ақ Ержан Байтанов қазақстандықтарды әлеуметтік желідегі ақпараттарға сенбеуге шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір