• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:53:25
Алматы
+12°

Грузияның Сыртқы істер министрлігі Ресейден "Бес күндік соғыстың" келісімін орындап, Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан әскерін алып кетуді талап етті, деп жазады немістің Deutsche Welle басылымы.

Грузия СІМ оқ атуды тоқтату туралы келісімнен бері 14 жыл өткенініне қарамастан Ресей Грузияның басып алынған қос аймағына заңсыз үстемдік етуін жалғастырып келе жатқанын айтады.

Министрлік мәліметінше, өзін егемен ел деп жариялаған қос аймақты Ресей қарумен қамтамасыз етіп, олардың Грузиядан толық бөлінуіне жұмыс істеп отыр.

"Ресей аймақтардың бөлінетін жеріне тікен сым тартып, адамдарды заңсыз ұрлап, адам құқық аяқ асты етіп, грузин халқын кемсітіп отыр. Гуманитарлық жағдайды бұзып, басып алынған жерлердегі адамдарды әлемдік қауымдастық пен Грузиядан оқшауландырғысы келеді" делінген хабарламада.

2008 жылғы 8-12 тамыз аралығында болған Ресей мен Грузия арасындағы бес күндік соғыс салдарынан Оңтүстік Осетия Грузиядан бөлініп, аймақта халықаралық қауымдастық мойынмамайтын "республика" пайда болған. Олардың егемендігін Ресей және оның оның бірнеше серіктер елдері ғана мойындаған. Әскери қақтығыс салдарынан 850 адам қаза тауып, 12 мың адам үйінен басқа жаққа кетуге мәжбүр болған.

Соғыс сол кезде Франция жетекшілік етіп тұрған Еуроодақтың тікелей араласуымен тоқтап, келісімге қол қойылған. Келісімдегі негізгі шарттың бірі екі тарап қарулы күштерін қақтығыс басталғанға дейінгі позицияға қайтаруы керек еді. Алайда Ресей аталған пунктті орындамай, Абхазия мен Оңтүстік Осетияға ықпалын сақтап келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір