• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:26:29
Алматы
+12°

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады өңірлік ПД-ның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының ауруханасына үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен түскен. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

"Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды" делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша жанжал жергілікті тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамдар толығымен анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір