Фото: Exk.kz сайты
Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Әбішева әкесі сырқаты басталған 2015 жылдан бері бизнеспен айналысуды доғарып, істерін сенімді адамдарына тапсырғанын айтады. Бұл туралы ол Экспресс-К басылымына берген сұхбатында жеткізді.
Гүлмира Әбішева баспасөзде рейдерлік басып алу әрекеттерімен әкесінің есімі қатар аталып жүргенін естіп отырғанын, бірақ әкесі туралы айтылып жатқанның бәрі өтірік, арандату екенін атап өтті.
Оның сөзінше, бұрын Болат Назарбаевтың үйі қонақтан босамаса, ауырған соң әрі қаңтар оқиғасынан кейін бәрі Шамалғанға (Болат Назарбаевтың ауылы – ред) барар жолды ұмытқан.
Гүлмира Әбішева "жұрттың айтып жатқанына мүлде мән бермейтін болдым, ақиқат бір Аллаға ғана аян. Біз БАҚ-та жазып жатқанда ешқайда да қашып кетпедік, бәріміз осындамыз. Тек әкеміздің емі үшін (шетелге – ред.) барып қайттық, оның өмірі үшін күрестік" деп отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір