• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 07:55:34
Алматы
+35°

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында атыс болып, жараланғандардың бірі қаза тапты. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

"23 шілдеге қараған түні Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Екеуі де көп жарақат алған. Дәрігерлер шұғыл ота жасады. Алайда жарақат алғандардың біреуі қайтыс болды" деді басқарманың баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Оған интенсивті терапия жасалуда.

Алматы облыстық полиция департаменті Есік қаласында болған атыстан екі адам жарақат алғанын растады. Біреуі 18-де, екіншісі – 30 жаста. Тергеушілер атысқа қатысқандарды іздестіруде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Есік қаласы атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір