20 Шілде, 2022 Әлем
Фото: kapital.kz
Шри Ланка парламенті президент міндетін атқарушы премьер-министр Ранила Викремесингхені жаңа президент етіп сайлады. Сайлау кезінде 73 жастағы Викрамасингхе 134 дауысқа ие болса, оның қарсыласы, бұрынғы БАҚ министрі Дулла Аллахаперума 82 дауыс жинады.
Кей сарапшылар Ранила Викремесингхенің президенттікке сайлануы халық ереуіліне әкеліп соғуы мүмкін екенін айтады. Өйткені Ранила бұрынғы президент әкімшілігінің құрамында болған.
Еске сала кетсек, 9 шілдеде Шри-Ланка халқы ел астанасы Коломбо көшелеріне шығып, президент Готабая Раджапаксаның отставкаға кетуін талап етіп, президент резиденциясын басып алған еді. Кейін президент Раджапакса елден қашуға мәжбүр болып, 13 шілдеде отставкаға кететінін мәлім еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір