• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:39:29
Алматы
+12°

Қазақстан қаржы нарығындағы "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің тізімі жаңарды. "SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A." жеке компаниясы 1 шілдеден бастап "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің тізімінде жоқ.

Оның орнына Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті акционер атанған. Енді елдің басты телекоммуникациялық компаниясының акцияларын бөлу төмендегідей тәртіппен жүзеге аспақ:

  • "Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ – 45,90%;
  • "ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ – 25,42%;
  • The BANK OF NEW YORK Mellon DRS (номиналды ұстаушы) – 8,62%.

Осылайша, "Қазақтелеком" АҚ-тың 70 пайызы мемлекет меншігіне өтті.

Айта кетейік, сәуірде "Қазақтелекомның" 28,8%-ы мемлекет қайтарылатыны белгілі болған еді. Бұл кезде Қазақстан үкіметі сәйкес қаулы қабылдаған. Құжатта Қайрат Сатыбалдының "Skyline Investment Company S.A" жеке компаниясы "Қазақтелеком" АҚ шартты капиталының 24,95%-на тең 2 671 481 қарапайым акциясын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын" делінген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір