• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:38:36
Алматы
+12°

Сарапшылар нан бағасының 250 теңгеге дейін және одан да көп өсуі мүмкін деп мәлімдеді, деп жазады Atameken Business порталы. Жаз басталғалы нан бағасы үш пайызға өскен. Диірменшілер мен астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің қаптап келуіне алаңдаулы.

"Нан 250 теңгеден қымбат болады. Барлық Кеден одағына қатысушы елдер арасындағы сауда саясатын ажыратудың шешілмеген мәселелері біздегі осы өнімдердің бағасында үлкен алыпсатарлықтың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан нан бағасы қымбаттайтынына таңғалмаңыз", – деді экономист Айман Тұрсынқан.

Ал астық өндірушілер мен диірменшілер ұн бағасының қымбаттауының басты себебі экспортта екенін айтады. 

"2022 жылғы шілде бойынша Қазақстандағы 2300 ұн тартатын кәсіпорынның 174-і ғана қалды. Олар өз құны бойынша ғана жұмыс істейді, табыс екі пайызды ғана..." - деді ұн тарту кәсіпорнының директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев.

ҚР Ауыл шаруашылығы минитсрлігі Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты әлемде біздің ұнға сұраныстың артқанын растап отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір