• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:55:19
+12°

Биыл Өскеменде 50 автобус сатып алынды, тағы 55 автобус жеткізіледі деп күтілуде. Автопарктің толық жаңартылуы үш жыл ішінде толық орындалады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

– Біз субсидиялау бағдарламасын енгіздік. Оның бюджеті біздің бизнесмендер сұрағандай 3,7 млрд. емес, біз оған 1,4 млрд. шек қойдық, жаңарту үш жыл ішінде аяқталады, – деді Даниал Ахметов.

Бірнеше жыл бұрын облыс орталығының трамвай паркіне Алматыдан 11 трамвай жеткізілген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде барлық трамвайлар жұмыс істеуде. Қалада осы транспорт түрі қалпына келтіріле бастады. Өйткені Өскемен тұрғындарының үштен бірі электр көлігін пайдаланады.

– Келесі жылы біз трамвай шаруашылығына айтарлықтай күш саламыз, электр көлігі басқаша жұмыс істейтін болады. Биыл Өскеменде электронды билеттеу жүйесін қалыпты іске қосқанымыз көңілімізді қуантады. Бұл жүйе бизнес саласының табысын жасырмай, ашық жұмыс істеуіне әрі осы жүйеде жұмыс істейтін кәсіпорындар кірістерінің едәуір артуына мүмкіндік жасады, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО қоғамдық көлік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір