• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:48:20
Алматы
+12°

Алматы қаласы мен Алматы облысында жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарған экс-шенеунік, кәсіпкер Бағдат Мәнізоров кәсіпкер Әбіләкім Мәметовтың тағып отырған айыбын толықтай жоққа шығарды. Бұл туралы ол Время газетіне берген сұхбатта мәлім етті.

Бұған дейін Әбіләкім Мәметов құзырлы органдарға Мәнізоров мемлекеттік қызметте жүргенде кәсіппен қатар айналысып, өзіне 6 миллион доллар қарыз екені туралы арыз түсірген.

Экс-шенеунік Әбіләкім Мәметовті нағыз алаяқ деп санайды. Сөзінше, ол қаңтар оқиғасынан кейін көптеген қылмыстық істердің ашылып жатқанын пайдаланып, арызданып қалуды ойлайды. "Шамасы менен ашқа алғысы келеді" деген кәсіпкер Мәметов өзінің үстінен осымен екінші рет арызданып отырғанын жеткізді.

 

– 2019 жылы мені антикор қызметкерлері ұстағанда Алик  (Әбіләкім Мәметов – ред) менің бажама хабарласып, 1 миллион доллар берсе, маған көмектесе алатынын айтыпты. Біз әрине оның көмегінен бас тарттық. Осыған кектенген Мәметов базарлар, санаторий, қоқыс орындағы бойынша үстімнен арыз түсірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 ай тексеріс жүргізіп, ештеңе таба алмады, – дейді ол.

 

Бағдат Мәнізоров Мәметов "қолында дәлелі болса, қанша арызданса да арыздана берсін, мен "ақпын" деп отыр. Ол осы әңгіменің бәрі жала екеніне, мұны Мәметовті басқарып отырған адамдар ұйымдастырып отырғаны болуы мүмкін екенін айтады.

– Олардың мақсаты біреу: олар менің жүйкем сыр беріп, келіссөзге барып, ақша төлегенімді қалайды. Бұл – бопсалау. Мен өзімнің адал есімімді ақырына дейін қорғаймын, – дейді Бағдат Мәнізоров.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бағдат Мәнізоров

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір