27 Маусым, 2022 NEWS
Фото: informburo.kz
Қазақстан президентінен әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін, қарауында ерекше балалары бар аналардың зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуді сұраған онлайн петиция 821907 қол жинады. Оның ішінде петицияны қолдап берілген дауыс – 818 мың 485, қарсы дауыс – 3422.
Петиция авторы 45 жастан бастап әйелдер денсаулығында түрлі кінәрат табылатынын, әйелдер отбасына көңіл бөліп, бейнеттің зейнетін көргенін қалайтынын айтады.
"Ұмытпаңыз, әрқайсымыздың анамыз бар" деген автор петицияны мүмкін болған барлық әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы таратуды өтінген.
Бұған дейін Үкімет азаматтардың кей категорияларының зейнет жасын төмендетуді қарастыратыны, мәселе жыл соңына дейін белгілі болатыны хабарланған. Қазіргі уақытта әйелдер үшін зейнет жасы 60-61 жас аралығында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір