24 Маусым, 2022 NEWS
Фото: pavlodarnews.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күтікке ілінгенін мәлім етті.
Сот оған қатысты "күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Алайда Мәсімовтің өзі қашып жүр. Қазіргі уақытта оған іздеу жарияланған.
Антикор Нұрлан Мәсімовтің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден агенттіктің төменде көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұрайды:
call-центр 1424
+7 (7172) 909 260
+7 (727) 278 7300
+7 (707) 978 0808
Сондай-ақ Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 миллион теңгеге дейін сыйақы көзделген.
Нұрлан Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай 17 қаңтарда қызметінен алынған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жақын туысы. Мәсімовтің өзі мемлекетке опасыздық жасады деген, сондай-ақ тағы 4 бап бойынша күдікке ілініп, тергеліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір