• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:14:49
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде өзін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нағашы қарындасымын деген Жұмагүл Замзаева есімді келіншектің президенттен көмек сұраған видеосы тарап жатыр. Келіншек құқықтық бассыздыққа тап болғанын, баласының үстінен қозғалған іс әділ өтпей жатқанын айтады.

Ол видеода ұлы 7 айдан бері Алматыдағы тергеу изоляторында жатқанын, президенттен көмек сұрауға мәжбүр болып тұрғанын жеткізген.

Сөзінше, жазған хаттарына бас прокуратура мен жоғарғы соттан еш жауап болмаған. Өзі 14 жасқа толмаған балалар мен мүгедек күйеуін тастап 3 аптадан бері астанада жүргенін айтады.

Келіншек Тоқаев сыртқы істер министрі болып тұрғанда туыстарының басын қосып тұратын, қолындағы сурет сондай жиындардың бірінде түсірілген дейді. Бірақ президент болғалы оны көрмегенін, ұмытып қалмаса Тоқаев өзін тануы керек екенін атап өтті.

Жұмагүл Замзаева күйеуі Тоқаевқа аға, өзі нағашы қарындас болып келетінін, бірақ президентке туысы емес, қарапайым азамат есебінде үндеу жасап отырғанын жеткізді. "Басқа амалым қалмады, президентті жібі түзу адап деп танимын, мәселеме назар аударса, бірден шешілер еді" дейді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: президентке үндеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір