• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:06:09
Алматы
+12°

Бүгін Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында ақын, сазгер Жанболат Құрманның "Қос күрең" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

"Қос күрең" кітабында ақынның әр жылдары жазған өлеңдері топтастырылған. Сондай-ақ ақынның бала кезінен бастап, бозбала шағы да, оқу оқып, қызметке орналасқан кезеңдері де кітапта сыр шертеді. Атамекенді аңсаған қандастар тағдыры да назардан тыс қалмаған.

бдж

Тұсаукесер рәсімін Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ғазиза Құдайберген ашып, қазіргі қазақ жастарының кітап оқуға деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. 

джбэжд

– Қазір жастар арасында жақсы үрдіс қалыптасып келеді. Кітап оқу, кітап сатып алу трендке айналып келеді. Бүгін кітапханамыздағы кітаптардың қатары көбейді. "Қос күрең" кітабының оқырманы көп болсын, – деп ізгі тілегін жеткізді Ғазиза Құдайберген.

Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы мен әдебиеттанушы, ақын Бекқожа Жылқыбекұлы кітаптың тұсауын кесіп, кеш иесі туралы естеліктерін бөлісті. 

ьлдь

– Жанболат Құрманның жаратылысы – ақын. Жанболат Құрманмен 30 жылдан астам уақыт таныспын. Ол 40 жылдан бері өлең жазып келеді. Өлеңдері "Іле" және "Шыңжаң" газеттеріне жарияланып отырды. Содан бүгінге дейін өлең жазуды тастамады. Алайда Қазақстанға келген соң экономика саласында білім алды. Білімін жетілдірді. Кейінірек іскерлікпен, кәсіпкерлікпен айналысты. Осы уақытқа дейін шығармалары мен сүбелі ойларын facebook әлеуметтік желісіне жариялап келді. Енді, міне, 60 жасқа толған кезде "Қос күрең" кітабын жарыққа шығарып отыр, – деді Дәулетбек Байтұрсынұлы. 

Ал Бекқожа Жылқыбекұлы ақынның өлеңдеріне талдау жасап, жоғары бағасын берді. 

– Жанболат өлеңдерін басым бөлігі жалаң ұйқас пен ырғақтан ғана тұрмайды. Ол айтар ой-сезім тәжірибесін суреткерлік пен көркем образдың қалтарысына жасырып, оқырманның қайта жасампаздық жаратуына орай қалдырады, – деді әдебиеттанушы.

Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңі оқылды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір