• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:33:55
Алматы
+12°

Украинада соғыс басталғалы елде 4113 бейбіт тұрғын қаза тапты, 4916 адам жарақат алған. Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасы хабарлады. 

Ресми деректе Луганск пен Донецк облыстарында қаза тапқандардың саны көп екені айтылады. Бұл аймақтарда 2337 адам қаза тауып, 2808 адам ауыр жараланған. 

Бейбіт тұрғындардың көбі ауыр артиллерия мен реактивті жүйелерден атқылаудан, зымыран мен авиациялық соққылардан қаза тапқан.

БҰҰ соғыс құрбандарының нақты саны ресми деректерден әлдеқайда көп деп санайды. Өйткені қарқынды ұрыс жүргізілген кейбір жерлерден ақпарат алу кешігіп жеткен, көптеген хабарламалар әлі де расталмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір