• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:50:28
Алматы
+12°

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті штаттың үлкеюіне байланысты өрт сөндіруші-құтқарушы, өрт сөндіру көлігін жүргізушісі қызметтеріне конкурстар жариялады. Қазіргі уақытта 288 ваканция жарияланған.

Үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады: 

  • Жасы 18-35 жас аралығында болуы керек;.
  • Кемі орта білім болуы міндетті;
  • Үміткер қызметке кірісерде кәсіпкерлік қызметпен айналыспауға тиіс;
  • Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болуы керек;
  • Үміткерлер денсаулық, тұлғалық, іскерлік жағдайы бойынша тексерістен өтуі, заңды білуі, физикалық жаттығулар кешенін орындауы тиіс.

 

Оқу Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясы базасына тиесілі оқу орталығында өтеді. Өрт сөндірушілер 35, жүргізушілер 14 күн оқиды. Оқу кезінде үміткерлер жатын орын және тамақпен қамтамасыз етіледі. Сынақ мерзімі кезінде 94 325 теңгеден 127 418 теңгеге дейін ақша төленеді.

 

Толығырақ ақпаратты Алматы қаласы Қонаев көшесі 138 үй мекенжайынан немесе 8 (727) 261 28 92 телефон номерінен білуге болады.

Дереккөз: Informburo.kz сайты

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт сөндіруші

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір