• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:13:42
Алматы
+12°
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп асханаларындағы бірқатар проблемалар туралы айтты. Сөзінше, олар нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешіледі.
 
Министр мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу талабын бекіткенін, алайда қазір төлем жүйелері өшіріліп, пайдаланылмайтынын атап өтті. Оның пайымынша, балаларда қолма-қол ақша болмауы гигиенаның сақталуына әрі кезектің тез жылжуына көмектеседі, түрлі қауіптерден сақтап, ата-аналарға шығындарды бақылауды жеңілдетеді.
 
Аймағамбетов сондай-ақ асханадағы бағаның қымбаттығы, асханаларды жалға алу мен денсаулық сақтау министрлігі тыйым салған өнімдердің саудасы мәселелерін атап өтті.
 
"Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңгеден немесе бәліштер мен тоқаштардың дүкендердегі бағадан жоғары бағада сатылатыны сұрақ туындатады. Бір қалада бірдей өнім бағасында 50-70%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін.  Кейбір өңірлер асханаларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жеке кәсіпкерлерге беріп жүр. Біз МЖӘ-нің дамуын қолдаймыз. Бірақ кейде бұл конкурсты өткізбеу үшін және асхананы кәсіпкерге тікелей (10-15 жылға) беру үшін жасалады. Біріншіден, біз конкурссыз Жеке қаржылық бастама (ЖҚБ) бойынша емес, конкурс өткізілу керек деп санаймыз. Екіншіден, салым сомасы аз мөлшерде, мысалы, 5-7 млн теңге емес, тиісті көлемде болуы маңызды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын есте сақтап, бұл қаражаттар тоңазытқыштар, плиталар, үстелдер мен орындықтарды сатып алуға жұмсалатынын түсіну маңызды. Яғни, сайып келгенде кәсіпкер өз жұмысына қаражат салады. Үшіншіден, біз жұмыстың ақылға қонымды мерзімдерін белгілегенді қолдаймыз.Асхананы 15-20 жылға келісімшарт жасау сұрақ туғызады. Мектеп асханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тыйым салынған өнімдерді сату (мысалы, фастфуд, газдалған сусындар, чипсы және т.б.) жағдайлары бар. Министрліктің қызметкерлері бірнеше облысқа барып, бірқатар мектепте осындай фактілерді анықтады. Әсіресе Түркістан облысында. Мұндай фактілер анықталған жағдайда дереу СЭС органдарына хабарласу қажет.
 
Оның айтуынша, осы проблемаларды нормативтік деңгейде шешу үшін жұмыс тобы құрылған.
 
"Біз заңнамаға бірқатар толықтыру енгізуге бастама жасадық, олардың шеңберінде арнайы нормалар бекітіледі. Бұл нормалар - асханалардағы буфет өнімдерінің бағасын реттеу, ашық конкурстар және ақылға қонымды кезеңге МЖӘ арқылы асханаларды беру, қолма-қол ақшасыз төлемді және тамақтанудың тиісті сапасын қамтамасыз ету. Біз кәсіпкерлердің мүдделерімен де санасу керегін түсінеміз, бірақ біз үшін балалар әрқашан бірінші орында. Демек, бұл олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды білдіреді. Министрлік аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады" дейді Аймағамбетов.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мектеп асханалары

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір