13 Мамыр, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
"Енді eGov.kz порталында пайдаланушы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар ЖСН және ЭЦҚ болуы. Қызметті қолдану үшін пайдаланушы "Электрондық үкімет" (eGov.kz) порталында қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметін таңдайды. Таңдалған қызмет түріне сәйкес, пайдаланушы мәртебесін алу үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жүзеге асырылатын болады. Барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса тіркеу қажет" делінген ақпараттық хабарламада.
Өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Бұдан әрі қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі ретінде қандас куәлігі беріледі немесе жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімі шығады. Бірнәрсе дұрыс болмаған жағдайда пайдаланушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама келеді. Мемлекеттік қызметті қарау 4 жұмыс күнін алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір