• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:40:19
Алматы
+12°
 
Үкімет азаматтардың кей категорияларының зейнет жасын төмендетуді қарастырады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп жазады informburo сайты.
 
Журналистер үкімет дәлізінде вице-премьерден депутаттардың шахтерлер, өнеркәсіп қызметкерлері мен мүгедектер үшін зейнет жасын төмендету қажеттігі туралы мәлімдемелеріне пікір білдіруді сұраған.

– Иә, категория аз емес. Мәселе талқыланатын болады. Шынын айтқанда мәселе күрделі. Біз халықаралық тәжірибені де зерделейміз. Халықаралық тәжірибе зейнет жасын мүлде төмендетуді мақсат етпейді. Төмендету туралы шахтерлер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр. Жыл соңына дейін әлеуметтік кодекс әзірленетін болады. Бұны әлі талқылаймыз, – дейді ол.

Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнет жасын төмендету де қарастырылып жатқанын атап өтті.

"Бүгінде әйелдер үшін зейнет жасы 60-61 жас аралығында. Мәселе күн тәртібінде тұр. Талқылайтын боламыз" деді премьер-министрдің орынбасары.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнет жасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір