• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:29:15
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысында Жеңістің 77 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдің түкпір-түкпірінде тұратын ҰОС ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мереке қарсаңында жеке-жеее құттықтаған еді. Ал бүгін өңір басшысы 9 мамыр күні "Мәңгілік алау"монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Өңірде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету, ерліктерін ұлықтау, еске алу іс-шаралары жеңіс күнінің алдында, бірнеше күн бұрын басталды.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Мереке қарсаңында Кеңес заманында бірнеше рет батыр атағына ұсынылған қазақстандықтар ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін ең жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Олардың арасында 1934 жылы Зырян ауданында (қазіргі Алтай ауданы) Зырян аудандық әскери комиссариатымен Қызыл әскерге шақырылған Александр Несмеянов та бар. Ол Кеңес Одағының Батыры атағына үш рет ұсынылып, бірақ әртүрлі себептермен марапаттар берілмеген еді.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін жоғары дәрежелі "Халық қаһарманы" атағы беріліп, жауынгерлік ерліктері үшін Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені марапатталған, ШҚО Жарма ауданының тумасы, 8-ші гвардиялық атқыштар полкі 302-ші гвардиялық атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Әбдібековке берілді. Бұл оқиға Қазақстанның батырларға деген ерекше құрметтің белгісіндей болды.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

ҰОС бір жарым миллионнан астам қазақстандық жауға қарсы шайқасып, 610 мың отандасымыз майдан даласында қаза тапты. Соғысқа аттанғандарлы тең жартысы қайтпады.

Ерліктің үлгісі болған жандарлы аймақ басшысы Даниал Ахметов мерекемен құттықтап, Риддер қаласындағы ардагер Павел Прокофьевич Альбоханың шаңырағында болды. Павел Прокофьевич жас сержант - ұшақтардағы байланыс радиожабдығы механигінен бастап, "Жауынгерлік еңбегі үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарының иегеріне дейін ұзақ соғыс жолынан өтті.

Сонымен қатар Семейде облыс әкімі тыл еңбеккері Рашид Хасановты және ардагерлер Матвей Юрченко мен Асқар Рахимбаевты құттықтады.

Ал Өскемен қаласында Литва және Беларусь республикаларын азат етуге қатысқан Құрмат Рахимовқа барып, ардагерге құрмет көрсетсе, 17 жасында қан майданға аттанған және Неміс-Литва бандаларын жоюға қатысқан ардагер Степан Мишиннің шаңырағында болып, мерекемен құтықтады.

Жақында ғасыр тойын атап өткен тыл еңбеккері Анна Лабкова да назардан тыс қалмады. Соғыс жылдарында күні-түні еңбек етті. "ҰОС жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Масара Нұрғазина. Ол қазір мұғалім және ақын ретінде танымал, ал соғыс жылдарында ол тылда адал еңбек еткен жандардың бірі. Бүгінде олардың барлығы 1,5 миллион теңгеден, сондай-ақ сыйлықтар мен тұрмыстық техникалар табыс етілді.

Өңір басшысы "қазіргі бейбіт күнде өмір сүруіміз үшін әзиз жанын аямай, жаумен соғысқан ардагерлерді қолдау, көмек көрсету біздің қасиетті парызымыз. Жеңіс күні-әрбір отбасына қатысты мереке. Сондықтан біз үшін бұл баға жетпес. Майдан даласында соғысып, тылда жұмыс істегендердің бәрінің ерлігі ерең, ешқашанла ұмытылмайды. Біздің ардагерлеріміздің батылдығы, табандылығы, еңбекқорлығы мен патриотизмі - қазіргі жастар үшін лайықты үлгі. Осы мереке күні оларға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Барлық шығысқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын, әр отбасында бейбітшілік, келісім және амандық болсын" деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен ШҚО-да ҰОС 42 қатысушысы мен мүгедектеріне 1,5 млн теңгеден алды. 10 754 ардагер, оларға теңестірілген және еңбек ардагерлері үшін төлемдердің жалпы сомасы 630 500 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі марапатталған тыл еңбеккерлеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, блокада кезінде жұмыс істеген адамдарға және Кеңес Армиясының ерікті жалдама құрамына 100 мың теңгеден төлеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, марапатталмаған тыл еңбеккерлері 50 мың теңгеден алды. Жеңіс күнін сыйлаған барлық жандарға мереке күні құрмет көрсетілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО Жеңіс күні

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір