03 Мамыр, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуді прокторинг технологиясын қолдану арқылы онлайн түрде өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев президент қабылдауында болғанында мәлім етті.
Ақорда сайтының ақпаратынша, Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметке кіру үшін артық кедергілер мен тосқауылдарды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстар беріп, мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жұмыстары жөнінде айтқан.
"Агенттік төрағасы президентке 2022-2023 жылдары "Е-қызмет" ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, биыл сыртқы порталды құру арқылы "Е-қызмет" базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылады. Ал 2023 жылы басқа да кадрлық үдерістер, атап айтқанда, ротация, тағылымдама, біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады. Сонымен қатар Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру барысына да тоқталды. Ведомство басшысы Агенттіктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуді прокторинг технологиясын қолдану арқылы онлайн түрде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді" делінген Ақорда ақпаратында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір