22 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады" делінген Антикор хабарламасында.
Нұрлан Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың жақын туысы. Мәсімовтің өзі мемлекетке опасыздық жасады деген, сондай-ақ тағы 4 бап бойынша күдікке ілініп, тергеліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір