• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:39:29
Алматы
+12°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті.

"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы "Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Тергеулер жалғасып жатыр" делінген таратылған ақпаратта.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні хабарланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жариялаған.

Қайрат Сатыбалды 13 наурыз күні, оның бұрынғы әйелі 17 наурызда қамауға алынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір