• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:53:56
Алматы
+12°

Қазақстанның солтүстігіндегі  Петропавл, Павлодар қалаларының атын ауыстыру бастамасы көтеріліп, петиция іске қосылды. Петиция авторы Аслан Абдулла. Оған қазіргі уақытта 20 мыңға жуық қол жиналған. Оның 13 мыңнан астамы бастаманы қолдаса, 6500-ден астамы қарсы шыққан. Автор 100 мың қолдаушы жинауды жоспарлап отыр.

Мәселені президент қана шеше алады деген автор Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Ертіс деп атау керектігін айтады.

Сондай-ақ ол ұсынылып отырған атаулар ел арасында бұрыннан барын атап өтіп, атаудың қос қалаға қатысын тарихи тұрғыда қысқаша түсіндіріп өткен.

"QYZYLZHAR - "Қызылжар көп қазаққа арман жерсің, Керейде Толыбай сыншы туын тігіп, Атыңды "Қызылжар" деп бабам қойған" деген өлең шумақтары бар. Ал Толыбай сыншы ХVІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бертінірек Қызылжар қонысын Атығайдың Дәулетәлі деген байы мекен еткенін Сәбит Мұқанов жазды. "Әулие Петр" (Петропавлдың алғашқы атауы) қорғаны болса тек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында салына бастап, 1770 жылы ғана аяқталған. Сол себепті бұл жерде жер атауы болмаған деген шындыққа жанаспайды.

ERTIS – "Jebe" қоғамдық бірлестігі Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгеруін ұсынып отыр. Бұрыннан көшпелі қазақ Павлодар облысын Ертіс-Баян өңірі деп атап келген. Қазіргі таңда қалада сол атауды жаңғыртуда. Ақпараттық холдинг "Ертіс-Медиа" облыстық "Ертіс" телеарнасы және Олимпиадалық бассейнмен заманауи мультимедиалық музей "Ертіс" аталады" дейді петиция авторы.

Ел арасында қос қаланың атауын қазақшалау туралы әңгіме тәуелсіздік алғаннан бері көтеріліп келеді. Алайда билік осы уақытқа дейін мәселені күн тәртібіне қоймаған. Мұны аталған өңірлердегі ұлттық құрамның әртүрлі болуы бастамаға қарсы реакция тудыруы мүмкін, мәселе ұлтаралық сипат алып кетуі ықтимал деген сақтық шарасымен түсіндіріндер, Ресей ықпалымен байланыстыратындар бар. Ұлттық құрамның әртүрлілігінен бастаманы қолдаушылармен қатар, оған қарсы шығатындар да көп болуы ғажап емес.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір