06 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: Getty
Қоршауда қалған Украинаның Мариуполь қаласының мэрі Вадим Бойченко қаладағы гуманитарлық жағдайдың "қорқынышты" жағдайда екенін және Ресей әуе күштерінің шабуылдары тоқтаусыз жалғасып жатқанын айтты. Бұл туралы BBC хабарлады.
Бойченко Ресей тек сейсенбі күні ғана 100-ден астам зымыран ұшырғанын мәлім етті.
Бір айдан астам уақыт бойы ресейлік әскердің қоршауындағы қаланың әкімі ол жерде емес, ол қаладағы тұрғындардан жаңалықтарды біліп отырады.
Мариупольдің суреттері қаланың қирағанын көрсетеді, қаладағы кеңес ғимараттардың 90 пайызы зақымданған, қираған, олардың үштен бірі жөндеуге жарамсыз.
Бойченконың айтуынша, Мариупольде кемінде 120 мың тұрғын қалған. Соңғы күндері Қызыл Крест ұйымының бейбіт тұрғындарды қауіпсіз эвакуациялауға мүмкіндік беру әрекеті сәтсіз аяқталды.
Бойченко "Ресей менің қаламда нағыз тозақ жасады. Олар соғыс қылмыскерлері және осы істері үшін жазалануы керек" дейді. Ол сонымен қатар "қазір бізге қаладан адамдарды қауіпсіз эвакуациялау ғана қалды" деді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір