• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:48:57
Алматы
+12°

Қорғаныс министрлігі Арқалық қаласында ресейлік әскери техникалар жүр деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесі легінің Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кетуі көрсетілген. Бұл бөлімше Қазақстанға биылғы жылдың 14 наурызында Қостанай облысында қонған ғарышкерлер капсуласын іздестіру үшін келді. Бұдан бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан  "Союз МС-21" ғарыш кемесі ұшырылып, сондай-ақ  "Союз МС-19" кемесі  қонғаны хабарланған болатын" делінген ақпараттық хабарламада.

Бұған дейін "Басе" youtube арнасының авторы Айдос Садықов "Арқалықта Ресей әскері жүр, билік елімізді Ресейге сатқан, Тоқаев түсіндірсін, Байқоңырдан қайтып келе жатқан әскер деп ескі әуендерін айтпасын" деген мазмұнда видеоүндеу жолдаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір