• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:43:20
Алматы
+12°

Путин бейсенбі күні қол қойған жарлықтан кейін Еуропа пайдаланатын газдың үштен бірін жоғалтып алу қаупі алдында тұр. Ресей газына қатты тәуелді Германия қазірдің өзінде төтенше жағдай қаупіне қамданып, әрекеттер жоспарын іске қосты. Бұл туралы жалпыеуропалық Euractiv.com медиа желісі хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин "жұмадан бастап шетелдік сатып алушылар Ресей газын рубльмен сатып алуы керек болмаса жеткізу тоқтатылады" деген талап қойған. Путин сатып алушылар Газпромбанктен рубльмен есепшоттар ашуға тиіс, осы шоттар арқылы жеткізілген газға төлем жасалады деп мәлімдеді.
 
Еуропалық капитал бұл қадамды "бопсалау" әрекеті деп бағалады.
 
Энергоресурс экспорты – Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты ресейлік банктерге, бизнесмендер мен Путин жақтастарына салынған Батыс санкцияларына қарсы Путиннің ең қуатты ықпал ету тетіктерінің бірі.
 
Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйе санкцияларды айналып өтуге жол берілмейтінін, "энергияны боспалау үшін қолданатын уақыт өтті" дегенді айтты.
 
Германия канцлері Олаф Шольц бейсенбіде Батыс елдері Ресей газын еуромен немесе доллармен сатып алуды жалғастыра беретінін мәлім етті.
 
Германияның энергетикалық компаниялары жеткізуде кірдіріс болса немесе Ресей газ жеткізуді тоқтатса, қалай әрекет ету жөнінде Берлинмен тығыз келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болды.
 
Қазіргі таңда Еуропа елдері балама жолдарды іздеп жатыр, алайда ол шектеулі болып тұр. АҚШ өзінің сұйытылған отынын ұсынады, бірақ Ресей газының орнын алмастыруға ол жетпейді.
 
Соған қарамастан Францияның экономика министрі Брюно Ле Мэр Германияға жасаған сапарында Париж бен Берлин "ресейлік газ болмайтын жағдайға дайындалып жатқанын" жеткізген.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір