• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:04:09
Алматы
+12°

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысында комиссия мүшелері Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті.

Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолданатынын хабарланды.

Министрлік мәліметінше, Қапшағай қаласын қайта атау туралы бастаманы Алматы облысының бірқатар үкіметтік емес ұйымдары ұсынған. Содан кейін бұл бастаманы Қапшағай қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдап, Алматы облысының ономастикалық комиссиясына жолдаған.

Президент Қ.Тоқаев 16 наурыз күнгі жолдауында Алматы облысы екіге бөлініп, жаңадан Алматы және Жетісу облыстары құрылатынын, Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы, Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болатынын мәлім етіп, қоғам тарапынан Қапшағай қаласын Қонаев деп өзгерту ұсынысы түссе, ұсынысты қолдайтынын жеткізген.
 
Қғамда бастаманы қолдаушылармен қатар, оған қарсы шығушылар да баршылық. Қолдаушылар Қапшағайдың қала ретіндегі қалыптасуына Дінмұхамед Қонаевтың еңбегі зор екенін ескеріп, бастама оң десе, қарсы тараптағылар құрмет көрсетудің өзге де түрі көп, қаланың тарихи атауы қалғаны дұрыс дейді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір