• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:29:44
Алматы
+12°

Ресейдің Нобель сыйлығын алған соңғы тәуелсіз басылымы "Новая газета" Ресейдің Украинаға басқыншылығы аяқталғанша өзінің интернеттегі және баспасөздегі қызметін тоқтататынын хабарлады.

Газет бүгін Ресейдің мемлекеттік байланыс бақылау органы Роскомнадзордан екінші ескерту алғанын мәлім етті.

Басылым 22 наурызда алғашқы ескерту алып, сол күні оның бас редакторы Дмитрий Мұратов өзінің Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін украин босқындарына ақша жинау үшін аукционға қойғанын айтқан.

Роскомнадзордың екі ескертуі басылымды Ресейдегі лицензиясынан айыруы мүмкін.

"Новая газета" кеше Украина президенті Владимир Зеленскийдің ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатына қатысты, бірақ материалды жарияламады.

Ресей БАҚ өкілдері оны жариялаған жағдайда оның салдары болуы мүмкін екенін ескертті.

Ресейдегі журналистер Мәскеу Киевке басып кіргелі билік тарапынан бұрын-соңды болмаған қысымға ұшырап жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Нобель

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір