25 Наурыз, 2022 Барлық аймақтар
Фотоколлаж
"Алматы" телеарнасының бас директоры қызметіне бұрынғы Nur Otan қазіргі "AMANAT" партиясы орталық аппараты баспасөз қызметінің басшысы болған Тимур Базарбаев тағайындалды. Бұл туралы телеарна сайты хабарлады.
Тимур Талғатұлы Базарбаев 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған.
Ол әр жылдары Алматы қаласы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінде, "Nur Media" ақпараттық холдингі мен "Nur Otan" партиясы құрылымында жұмыс істеген.
2016-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы болды.
2019-2022 жылдары "AMANAT" партиясы орталық аппараты баспасөз қызметіне жетекшілік етті.
Бұған дейін "Алматы" телеарнасын Нұржан Мұхамеджанова басқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір