• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:32:19
Алматы
+35°

Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті жұмыс бағытын күшейту мақсатында Алатау ауданында "Әр аптаға бір бағыт"  іс-шарасын өткізу қолға алынды.

Өткен аптада Қоғаммен байланыс, оның ішінде Халал даму бөлімі бойынша семинар өткізілді. Бүгін "Мәдениет" мешітінің бас имамы Саттарқұл Сатиұлының ұйымдастыруымен аудандық жастар ісі бөлімінің жауапты маманы Мұхаммедсали Мұхаммедсақиұлы жылдық жоспар аясында ерікті жастар жамағатымен бірге "Алғыс күніне" орай қаладағы қоғамдық орындарда тазалық қызметін атқарып жүрген жандарға түскі ас пен "Рахат" тәттілерін таратты. Жаратқан Алла тазалық жұмысшыларының өлшеусіз еңбегіне жеміс, отбасыларына береке берсін!

 

 

 

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір