24 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Global Times басылымының twitter парақшасынан
Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин Ресейдің Украинаға жасап жатқан әскери шабуылын басқыншылық деп санамайтынын жеткізді. Оның сөздерін қытайлық Global Times басылымы келтірді.
Ол пресс-конференция кезінде "Ресейдің Украинаға басып кіргені" туралы сұраққа жауап бере отырып, журналистің "басып кірді" деген тіркесті қолдануын қолдамайтынын айтып, оны батыстық БАҚ өкілдерінің әдеттегі стиліндегі тіркес деп атады.
Осы арқылы ол Қытай Ресейді адам шығынана әкеліп соққан әскери қимылдары үшін айыптамайтынын жеткізді.
Соңғы уақытта Қытай да аумақтық мәселеге байланысты әлем назарын өздеріне аударып тұр. Қытай Тайваньды кезінде бөлініп кеткен аудан санап, оны қосып алуды қалайды. Ал Тайвань өзін тәуелсіз мемлекет санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір