• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:16:38
Алматы
+12°

Қайрат Шәріпбаев пен Әділбек Жақсыбековтің "QazaqGaz" ҰК АҚ директорлар кеңесінің құрамындағы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының 2022 жылғы 18 ақпандағы шешіміне сәйкес, "QazaqGaz" ҰК АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Осы шешіммен Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды" делінген хабарламада.

"QazaqGaz" ҰК АҚ директорлар кеңесінің мүшелері, "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланды.

Ернат Бердіғұлов "QazaqGaz" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев қаңтар оқиғасынан кейін ұзамай Назарбаевтар әулетінің өкілдерімен бірге "QazaqGaz" басқарма төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Әділбек Жақсыбеков "QazaqGaz" директорлар кеңесін 2020 жылдың қарашасынан бастап басқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір