• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:34:49
+12°

Нұр-Сұлтан қалалық соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алуға санкция берді.

 

"2022 жылғы 22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.К.Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады" делінген хабарламада.

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні хабарланды.

21 ақпанда Мұрат Бектанов қамауға алынғаны, үстінен қылмыстық кодекстің 452-бабы (әрекетсіздік фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны хабарланған.

Экс-министр қызметінен 19 қаңтар күні кеткен болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұрат Бектанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір