• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:58:31
Алматы
+12°

Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін Мұрат Бектанов ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

Экс-министр қызметінен 19 қаңтар күні алынған.

Президент Қ.Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қарулы күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағанын, Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмағанын мәлім еткен.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұрат Бектанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір