• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:59:54
Алматы
+12°

Соңғы жылдары Қазақстанда үй кезегінде тұрғандар саны едәуір артып,  591 мыңға жеткен. Мұндай деректі мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев премьер-министр Ә.Смайыловқа жолдаған сауалында мәлім етті.

Депутат қалыптасқан ахуалды ескеріп, үкіметтен нақты шешімдер тізбегін қарастыруды сұрайды.

– 2018 жылдан бері кезекте тұрған адамдардың тізімі шамамен 130 мыңға көбейіп, 591 мың тіркелушіні құрап отыр. Оның ішінде, олардың саны Шымкентте 14 мыңға өсіп 48 442 адам болса, Алматы облысындағы үй кезегін күтушілердің саны 17 мыңға өсіп 59 067 жетті, ал Түркістандық кезектегі сан 19 мыңға артып, 47 409 отбасыны құрап отыр. Бұл цифрлар тек өсумен әлек болса, пәтер жалдаған отбасылар көшумен әлек. Мемлекет басшысы 2020 жылдың басына дейін "Бақытты отбасы" бағдарламасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Ал Үкімет болса, тек қаржыны ұлғайтумен шектелді. Осы орайда, әлеуметтік осал топтарға кіретін жетімдер мен мүгедектер санаты қайта сыртта қалып қойды. Сонымен қатар, 2022 жылдың екінші айы басталғанымен "Шаңырақ" бағдарламасына арналған қаржы әлі ортақ операторға үйлестірілмеген. Үкімет үшін бір ай уақыт емес шығар, ал пәтер жалдаушы үйсіз отандасымызға бұл кезекті далаға кеткен пәтерақысының сомасы, – деді ол.

Депутат көтерілген мәселелер, елідегі тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің әлсіз, әрі тиімсіз іске асырылып келе жатқандығын аңғартып отырғанын атап өтті.

– Осыған орай, үкімет тарапынан даярланып жатқан "Тұрғын үй саясаты" туралы заңнаманың жобасына соңғы орын алған оқиғаларды ескере келе, нақты шешімдер тізбегін қарастыруды сұраймыз. Оның ішінде субсидиялау механизмдеріне байланысты қоғам пікіріне құлақ асуды сұраймыз, – деді депутат.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: баспана үй кезегі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір