• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:41:19
Алматы
+12°

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы  заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы мемлекеттік қызметшілер мен олардың әйелінің ресми табысы мен шығыны аралығындағы алшақтықты бақылауды көздейді.

 

"Мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайларының шығыстары кірістеріне қаншалықты сәйкес келетіні бақыланады. Әрі фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді. Мұндай санкциялар кіріс пен шығыстағы айтарлықтай алшақтықтар үшін қолданылады. Мәселен, егер шығыстар мен кірістер алшақтығының сомасы ең төмен есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асып кетсе (2022 жылы 3 млн 63 мың тг), мемлекеттік қызметшіге алшақтық сомасының 90 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Егер де шығыстар мен кірістер алшақтығының сомасы мемлекеттік қызметшінің жылдық кірісінен асып кетсе, онда ол мемлекеттік қызметтен босатылады.

 

Заң бойынша әрбір жағдайда адамға шығыстарының заңдылығын негіздеу мүмкіндігі беріледі.

Өзгерістерді 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, өйткені, 2025 жылы өз кірістерінің мөлшері туралы республиканың барлық азаматтары есеп беретін болады, ал 2026 жылдан бастап олардың шығыстарын кірістерімен салыстыру процесі басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір