• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:06:35
Алматы
+12°

"ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметіне Ибулла Серді тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы. 

"QazaqGaz АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен Серді И. Ж басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды" делінген хабарламада.

 

Ибулла Серді – 2017 жылдың тамыз айынан бастап "ҚазМұнайГаз"газ тасымалдау және сақтау жөніндегі аға вице-президенті болған. 2018 жылдың маусым айынан бастап "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың қараша айынан бастап "ҚазТрансГаз" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

15 қаңтарда "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметінен босатылған.

Қайрат Шәріпбаев – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір