• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:53:16
Алматы
+12°

Йеменнің Саада қаласындағы мигранттарды уақытша ұстауға арналған блокқа әуе шабуылы жасалды. БҰҰ бұл әуе шабуылын айыптады.

Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері мен Сауд Арабиясы қолдайтын Йемен күштері арасындағы қақтығыста кем дегенде 70 адам қаза тапқан.

"Көз жұмғандардың арасында ондаған мигрант пен далада ойнап жүрген үш бала бар" деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Егер ақпарат расталса, бұл –Йемендегі жеті жылға созылған соғыста бейбіт тұрғындар ең көп қаза тапқан оқиғалардың бірі болады.

"Save the Children" ұйымының хабарлауынша, әуе шабуылдары кезінде тағы 100-ден астам адам зардап шеккен. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш шиеленісті тоқтату керектігін мәлімдеді.

Сенбі күнгі мәлімдемеде Сауд Арабиясы бастаған коалиция әуе шабуылын жасағанын жоққа шығарды.

Сауд Арабиясы басқаратын коалиция күштері 2015 жылдан бері хусит көтерілісшілерімен соғысып жатыр. Соғыс нәтижесінде он мыңдаған бейбіт тұрғын, соның ішінде 10 мыңнан астам бала қаза тапқан немесе жараланған.

Миллиондаған адам босқынға ұшырап, халықтың көп бөлігі ашаршылық алдында тұр.

Әуе соққысынан бірнеше сағат өткен соң, құтқарушылар мәйіттерді үйінді астынан шығарумен айналысуда, ал тірі қалғандарды табуға деген үміт азайып барады.

Қайтыс болғандардың нақты саны белгісіз. Шекарасыз дәрігерлер ұйымы кем дегенде 70 адам қаза тапқанын, бірақ олардың саны артады деп болжанып отырғанын айтады.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір