• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:08:36
Алматы
+12°

Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", делінген Ақорда сайтындағы ақпараттық хабарламада.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.

Еңбек қызметі: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003);

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003);

Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007);

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);

ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008);

ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009);

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009);

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

"Парасат" және "Кұрмет ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дәурен Абаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір