• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:30:12
Алматы
+12°

Батыс елдері Тоқаевтің "ескертусіз ату" туралы бұйрығын сынға алды. Қазақстанда алғашында бейбіт шерумен басталып, соңы зорлық-зомбылыққа ұласқан күрделі жағдай туралы Батыс елдерінің басылымдары жарыса жазды.

BBC президент Қасым-Жомарт Тоқаеd Алматыға 20 мың террорист шабуыл жасағанын мәлімдегенін, бүлікшілер Алматыны басып алуға әрекеттенгенін және қаладағы полиция бекеттерін бақылауға алуға тырысқанын жазды. Қазақстан қауіпсіздік күштері олардың көзін жойғанын хабарлаған.

Британиялық The Guardian газетінің ақпаратынша, Франция "Еуропаның сыртқы істер министрлері осы аптада Қазақстандағы жағдайға жауап ретінде ықтимал шараларды қарастырады" деп мәлімдеген. Францияның Еуропа істері министрі Клемент Бон CNEWS-ке берген сұхбатында "[Қазақстан билігі] Еуропа қабылдай алатын шараларды талқылауы керек: халықтың, наразылық білдірушілердің, көтірілісшілердің өмір сүру құнын тәркі етіп, басып тастай алмайсыз" деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні Қазақстан президентінің нұсқауын сынға алды. "Атып өлтіру тәртібі, ол қаншалықты болса да дұрыс емес және шешім жойылуы керек. Біз жарияланған төтенше жағдайға алаңдаймыз" деп сұхбат берген ол ABC News телеарнасына.

Оның айтуынша, АҚШ Қазақстан президентінен неліктен ресейлік әскерлердің қатысуын сұрағанын түсіндіруді де сұрап отыр.

Өткенжұма күні Тоқаев қатаң үндеу жариялап, Алматыға 20 000 "бандиттер мен лаңкестер" тобы шабуыл жасағанын мәлімдеп, құқық қорғау органдарына ескертусіз атуға бұйрық берген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Батыс елдері

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір