10 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Аза тұту күні
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын" делінген президент жарлығында.
Қазақстанның бірқатар өңірінде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шеккен.
Жалпы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен 2 265 адам медициналық көмекке жүгініп, 83 адам ауруханада ауыр халде жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір