• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 16:53:48
Алматы
+35°

Жаңаөзенде сұйытылған газ құнының қымбаттауына байланысты басталған халық наразылығы туралы BBC, Reuters, AFP, The Guardian және France Press сияқты шетелдік ірі басылымдар хабарлады.

"Қазақстанда газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық шерулері зорлық-зомбылыққа ұласып, елдің кейбір аймақтарында екі аптаға төтенше жағдай жариялады" деп жазды BBC. Сонымен қатар, елдің бірнеше аймағында ірі демонстрациялар өткенін хабарлады.

"Елдің ең үлкен қаласы Алматыда көліктер өртенгеннен кейін полиция жұртты ауыздықтау үшін көзден жас ағызатын газ қолданды" деп жазды Reuters агенттігі.

France Press агенттігі сейсенбіге қараған түні Алматыда шеруге мыңдаған адам жиналғанын, қақтығыс кезінде тәртіп сақшылары жараланғанын хабарлады.

Ал, The Guardian газеті "Орталық Азияның авторитарлық елінің көп бөлігінде хабар алмасу қолданбалары бұғатталды және мобильді интернет өшті" деп жазды.

"1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған тұста тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанда келіспеушіліктер мен наразылықтар сирек болады. Алайда, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 2011 жылы адам өліміне әкелген толқулар болды. Жалақы мен еңбек жағдайына байланысты наразылық шеруін полицияның басып-жаншуы кезінде кем дегенде 14 мұнайшы қаза тапты" деп жазды BBC.

Шетелдік басылым экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы қызметінен кеткенге дейін халықты еш қиындықсыз басқарғанын жазды. "Оның мұрагері болған президент Тоқаев 2019 жылғы кезектен тыс сайлауда халықаралық бақылаушылардың сынына ұшырады. Назарбаев пен оның мұрагері тұсында шағын элита орасан зор байлыққа қол жеткізді. Көптеген қарапайым қазақстандықтардың өмірі әлі де қиыншылықта, ал, елдің батысы табиғи ресурстарға бай. Елде сирек болатын наразылықтар аяусыз басып тасталады, ал режимнің парламентте шын оппозициясы жоқ" делінген The Guardian газеті таратқан ақпаратта. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір